Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Автор: admin от 15-06-2017, 22:08, посмотрело: 1089

1 Тамақтану сапасын бақылау мониторингі комиссиясының жүргізілген жұмыстарының жылдық есебі

2016-2017 оқу жылы
Абай атындағы орта мектепте жергілікті бюджет есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылған 48 оқушы бар.
Сыныбы Саны Қызы
1
2
3
4 6
5
2
4 5
1
2
1 1-4 – сынып
17 оқушы
9 қыз
5
6
7
8
9 5
5
6
4
7 3
3
4
3
4 5-9 – сынып
27 оқушы
17 қыз
10
11 1
3 0
3 4 оқушы
3 қыз
Барлығы 48 29

Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар денсаулығына байланысты және де басқа да себептермен сабаққа келмей қалған жағдайда орнына тамақтанатын резервтік тізімде 7 оқушы бар.
Мектепте оқушыларды тегін тамақтандырудың сапасын бақылау және мониторинг жасау жөнінде сараптама комиссиясы құрылған. Сараптама комиссиясы әр айдың басында балаларға келген азық түлікті тізбектеп жазып, акт жасап қабылдап алды. Аптасына бір рет зерделеу жұмыстарын жүргізді, мектепте оқушыларға берілетін тегін тамақтың азық-түлігінің сапалы болуын, сақталу мерзімін, күнделікті ас мәзіріне сәйкес болуын қадағалады. Сонымен қатар асхана тазалығын, тоңазытқыштардың дұрыс жұмыс істеуін, аспазшылардың гигиеналық талаптарды қатаң сақтауын бақылады. Барлық сараптама нәтижелері бойынша айына екі рет мониторинг жасау жөнінде сараптама комиссиясы отырысы болды.
Ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес төмендегі жұмыстар жүргізілді:
Қыркүйек айында мектеп медбикесі Н.Көшербаева мен әлеуметтік педагог К.Абитинова бірлесіп, «Тамақтану гигиенасы» тақырыбында дайындалған таныстырылымды көрсете отырып, кеңес беру жұмыстарын жүргізді. Оқушылармен қарапайым тамақтану ережелерінен бастап, нақты тамақтанудың гигиеналық талаптарын жан-жақты сөз етті. Таныстырылым соңында оқушылар барлығы бірлесіп, ортақ тамақтану гигиенасын құрды.
Әр тоқсан сайын тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардан мектеп психологы Ә.Талдыбаева сауалнама алды.

І тоқсанда алынған сауалнама қортындысы:
Қатысқандар:1-11сынып
Барлығы: 52 оқушы
Қатыспағаны:

Тақырыбы: Ыстық тамақты ұйымдастыру.
Мақсаты: Әр оқушының мектептегі ыстық тамақтың берілуін сауалнама жүргізу арқылы жеке тұлғағаның ой-пікірін білу.
Сауалнама 7 сұрақтан тұрады.

Сауалнаманың нәтижесі:
1.Ыстық тамақты ұдайы ішесіз бе? Ішпесеңіз неліктен?
Иә – 100 %
Жоқ
2.Буфет немесе асхана тамағы ұнай ма?
Иә- 100%
Жоқ
3.Үзілісте тамақтанып үлгересіз бе?
Иә - 82%
Жоқ – 18%
4.Асханаға көңіліңіз толады ма?
Иә -100%
Жоқ
5.Асхана тәртібі ұнайды ма?
Иә- 100%
Жоқ
6.Залды безендіру, үстелдердің, жиһаздардың орналасуы көңілге қона ма?
Иә -100%
Жоқ
7.Тамақ саласын жақсарту үшін асхана қызметкерлеріне нендей талап-тілек білдірер едіңіз?
Жоқ -100%
Оқушылар арасында мектептегі ыстық тамақпен қамтылуы бойынша сауалнаманың қорытындысы жоғары деңгейде. Оқушылар өздерінің талап-тілектерін білдірді.
Қорытынды: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жоғары деңгейде.
Қазан айында әлеуметтік педагог К.Абитинованың «Тамақтың маңызы және оның құрамы» тақырыбында дайындалған таныстырылымында, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып жасалынған әр түрлі танымдық тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар ерекше қызығушылықпен, өздерінің білімдерін пайдаланып орындады. Олардың ойларын, пікірлерін саралай келе, кеңестер берілді.
Қараша айында мектеп медбикесі «Иммунитет туралы не білеміз?» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістен алған мағұлматтарын терең ұғындыру мақсатында биология пәні мұғалімі К.Абитинова аталған тақырыпта бейне ролик көрсетіп, арнайы таныстырылымда бірнеше тапсырмалар топтамасын дайындап, балалар өз беттерінше жұмыс жасады. Іс-шара соңында оқушыларға дұрыс тамақтанудың иммунитетке әсері жайында сұрақтар қойылып, білімдері пысықталды.
ІІ тоқсанда алынған сауалнама қортындысы:
Қатысқандар:1-11сынып
Барлығы: 52 оқушы
Қатыспағаны:
Тақырыбы: Ыстық тамақты ұйымдастыру.
Мақсаты: Әр оқушының мектептегі ыстық тамақтың берілуін сауалнама жүргізу арқылы жеке тұлғағаның ой-пікірін білу.
Сауалнама 6 сұрақтан тұрады.
Сауалнаманың нәтижесі:
1. Мектепте берілетін тамақ
а) дәмді -100%
ә) дәмсіз
2. Мектептегі тамақ
а) тойымды- 100%
ә) тойымсыз
3. Мектептегі тамақ
а) күніге бір тамақ қайталанады
ә) күніге әр түрлі тамақ беріледі -100%
4. Мектепте жеміс - жидек
а) беріледі -100%
ә) берілмейді
5. Мектептегі ішкен тамаққа
а) ақша төлеймін
ә) тегін беріледі -100%
6. Мектепте БИО-С, айран
а) беріледі - 100%
ә) берілмейді

Қорытынды: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жоғары деңгейде.
Желтоқсан айында оқушылар әлеуметтік педагог К.Абитинованың ұйымдастыруымен тіс күтімінің дұрыс тамақтанудағы маңызын ұғындыру мақсатында бірнеше бейнекөрністер тамашалады. Бастауыш сынып оқушыларымен сынып жетекшілердің дайындаған «Тіс күтімі және дұрыс тамақтану» тақырыбындағы рөлдік ойындары ойнатылды.
Қаңтар айында биология пәні мұғалімі К.Абитинова «Дұрыс тамақтанбаудың әсерінен болатын аурулар» тақырыбында әңгіме жүргізе отырып, слайд сабақ өткізілді. Мектеп медбикесі Н.Көшербаева дұрыс тамақтанбаумен байланысты ауруға шалдығу себептері мен алдын алу жолдары жайында мәліметтер келтіріп, балалардың сауалдарын жауап берді.
Ақпан айында әлеуметтік педагог К.Абитинованың ұйымдастыруымен «Фаст-фут тағамдардың адам ағзасына әсері» тақырыбында пікірсайыс өткізді. Балалар екі топқа бөлініп, тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар балалар бейнекөрніс тамашалап, фаст-фут тағамдардың адам ағзасына зияндылығының өлшеусіз екендігін айтып, сайыстың соңғы нүктесін қойды.
Наурыз айында әлеуметтік педагог К.Абитинованың ұйымдастыруымен «Өсімдіктекті тағамдардың маңызы» тақырыбында танымдық сайыс өткізді. Оқушылар жемістер мен көкөністер жайында қызықты мәліметтерді ортаға салды.
ІІІ тоқсанда алынған сауалнама қортындысы:
Қатысқандар:1-11сынып
Барлығы: 48 оқушы
Қатыспағаны:
Тақырыбы: Ыстық тамақты ұйымдастыру.
Мақсаты: Әр оқушының мектептегі ыстық тамақтың берілуін сауалнама жүргізу арқылы жеке тұлғаның ой-пікірін білу.
Сауалнама 7 сұрақтан тұрады.
Сауалнаманың нәтижесі:
1.Ыстық тамақты ұдайы ішесіз бе? Ішпесеңіз неліктен?
Иә – 100 %
Жоқ
2.Буфет немесе асхана тамағы ұнай ма?
Иә- 100%
Жоқ
3.Үзілісте тамақтанып үлгересіз бе?
Иә - 82%
Жоқ – 18%
4.Асханаға көңіліңіз толады ма?
Иә -100%
Жоқ
5.Асхана тәртібі ұнайды ма?
Иә- 100%
Жоқ
6.Залды безендіру, үстелдердің, жиһаздардың орналасуы көңілге қона ма?
Иә -100%
Жоқ
7.Тамақ саласын жақсарту үшін асхана қызметкерлеріне нендей талап-тілек білдірер едіңіз?
Жоқ -100%



Оқушылар арасында мектептегі ыстық тамақпен қамтылуы бойынша сауалнаманың қорытындысы жоғары деңгейде. Оқушылар өздерінің талап-тілектерін білдірді.

Қорытынды: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жоғары деңгейде.
Сәуір айында оқушылар әлеуметтік педагог К.Абитинованың ұйымдастыруымен «Аспаз апайға» тақырыбында ашық хаттар дайындады. Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Ашық хатқа олар жыл бойы өздеріне тамақ дайындаған аспазшыларға алғыстарын, ұсыныс тілектерін жазды. Олардың ойларын, пікірлерін саралай келе, кеңестер берілді.
ІҮ тоқсанда алынған сауалнама қортындысы:
Қатысқандар:1-11сынып
Барлығы: 48 оқушы
Қатыспағаны:
Тақырыбы: Ыстық тамақты ұйымдастыру.
Мақсаты: Әр оқушының мектептегі ыстық тамақтың берілуін сауалнама жүргізу арқылы жеке тұлғағаның ой-пікірін білу.
Сауалнама 6 сұрақтан тұрады.
Сауалнаманың нәтижесі:
1. Мектепте берілетін тамақ
а) дәмді -100%
ә) дәмсіз
2. Мектептегі тамақ
а) тойымды- 100%
ә) тойымсыз
3. Мектептегі тамақ
а) күніге бір тамақ қайталанады
ә) күніге әр түрлі тамақ беріледі -100%
4. Мектепте жеміс - жидек
а) беріледі -100%
ә) берілмейді
5. Мектептегі ішкен тамаққа
а) ақша төлеймін
ә) тегін беріледі -100%
6. Мектепте БИО-С, айран
а) беріледі - 100%
ә) берілмейді



Қорытынды: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жоғары деңгейде.

Мамыр айында әлеуметтік педагог К.Абитинованың ұйымдастырумен «Денсаулық –басты байлық» тақырыбында танымдық сайыс ұйымдастырылды. Танымдық сайыста оқушылар «Менің қиялымдағы-асхана», «Тамақтана білгенің, өмір сүре білгенің», «Ұлттық тағамдардың маңызы» тақырыптарында шығарма жазды, суреттер салды, таныстырылымдар дайындады. Cапалы таныстырылымдарды Үздік слайттар сайысына қатыстыру мақсатында «Биология анықтамалығы» журналына жіберілді.
№ Ауру түрлері Оқу жылы
2014-2015 2015-2016 2016-2017
1 Cеміздік ауруы 0% 0% 0%
2 Асқазан ішек аурулары 0% 0% 0%
3 Эндокриндік аурулар 0% 0% 0%

Әр айдың соңғы аптасында ашық есік күндері өткізілді. Ата-аналар сол күндері келіп, балалардың тамақтарының ұйымдастырылуын көрді. Арнайы жасалынған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Дұрыс тамақтанбаудың әсерінен болатын аурулар», «Өсімдіктекті тағамдардың маңызы», «Тамақтың маңызы және оның құрамы», «Фаст-фут тағамдардың адам ағзасына әсері», «Тіс күтімі және дұрыс тамақтану» тақырыптарында дәрістер, тренингтер өткізілді. Сонымен қатар мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтан өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды. Ата-аналар тарапынан болған түрлі пікірлерден, тамақтандырудың ұйымдастырылуына көңілдері толатыны анықталды.
Бала денсаулығының дұрыс қалыптасуында тамақтанудың мәні зор. Тамақтану-маңызды физиологиялық үрдіс. Ол нақты ережелерге, гигиеналық талаптарға сүйене отырып іске асады. Ал оны жас ұрпақ санасына, өмір салтына сіңіру ата-аналар мен біздің басты міндетіміз.


Әлеуметтік педагог: К.Ж. Абитинова

Категория: Тамақтандыру, Әкімшілік

 

Автор: admin от 6-02-2019, 03:46, посмотрело: 38

0 Абай атындағы шағын орталықты орта мектебі бойынша
«Қамқорлық» акциясы барысында жүргізілетін іс-шаралар жоспары
11.01-10.02.2019 жылы

№ Жүргізілетін іс-шаралардың тақырыбы Жұмыстың түрі Орындалу мерзімі Жауапты
1 Жүргізілетін іс-шаралардың жоспарын құру, бекіту Жоспар құру Акция аясында Мектеп әкімшілігі
2 «Тосын сый»
/қамқорлықтағы балаларға қайырымдылық көрсету/ Қайырымдылық акциясы
Акция аясында Мектеп ұжымы
Демеушілер
3 Бір күндік қоғамдық тамақтандыру ұйымдастыру Тамақтандыру ұйымдастыру Акция аясында Мектеп әкімшілігі
Сынып жетекшілер
4 Дәрумендер күні Жеміс-жидектер, көкөністер үлестіру Акция аясында Мектеп медбикесі
Сынып жетекшілер
5 «Жақсылық жасайық!» Бұрыш ұйымдастыру Акция аясында Мектеп ұжымы
6 «Мейірім шуағы» Концерт ұйымдастыру Акция аясында Жас ұлан ұйымы
7 «Жүрек жылуы» Қабырға газеттерін шығару Акция аясында Ұйымдастырушы педагог
8 Кәмелетке жасы толмағандармен жұмыс инспекциясымен кездесу ұйымдастыру Кездесу Акция аясында Мектеп әкімшілігі
9 Қадағалаусыз қалған балаларды анықтау Рейд Акция аясында Мектеп әкімшілігі
Сынып жетекшілер
10 Акцияны қорытындылау, жергілікті баспасөзге жариялау. Қорытындылау
Мектеп әкімшілігі

Дайындаған: Абитинова К.
Талдыбаева А.
Абай атындағы шағын орталықты орта мектеп
«Қамқорлық» акциясында жүргізілген жұмыстар туралы мәтіндік есебі
2018-2019 оқу жылы
Қазақстан Республикасының «Білім заңынынң » 1-тарау 6 баптағы 3- тармақтың 2-тармақшасы, 1 –тарау 8 баптағы 2- тармағы және 2018-2019 жылдық жоспары негізіндегі Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 10 бұйрығын орындау мақсатында 2019 жылдың 11 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы жүргізілуде. Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға қолдау көрсетуге және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған бұл акцияға Абай атындағы шағын орталықты орта мектеп ұжымы ыждағаттылықпен, түсінушілікпен қатысты.
Осы акцияны ұйымдастыруда штаб мүшелері құрылып, айлық шеңберінде ата-аналар қарауынсыз қалған, көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларымен іс-шаралар жоспары құрылып жоспарлы жұмыс жүргізілді..
Ата-аналар қарауынсыз қалған, көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына материалдық қолдау көрсету мақсатында 45 оқушыға -18000 теңге көлемінде мектеп ұжымы бір күндік қоғамдық тамақтандыру мен дәрумендер күнін ұйымдастырды. 1 оқушыға қыстық сырт киім, 1 оқушыға қыстық аяқ киіммен қамтамасыз етілді.
Акция жалғасын көркемөнерпаздардың сазды бағдарламасымен ұйымдастырылған «Мейірім шуағы» концертімен жалғастырды. Ата-аналар қарауынсыз қалған, көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына рухани қолдау көрсету мақсатында тақырыптық бұрыштар ұйымдастырылып, сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді.
Кәмелетке жасы толмағандармен жұмыс инспекциясының кездесу ұйымдастырылып, қадағалаусыз қалған балаларды анықтауда рейд жүргізіліп, қадағалауынсыз қалған оқушылар анықталған жоқ.
Жоспар бойынша ұйымдастырған шаралар арқасында акция өз мақсатына жетті.
«Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» - деп Алаш арыстаны А.Байтұрсынов айтқандай биылғы жылы «Қайырымдылық» Республикалық акциясы ізгі істермен қайырымдылық шараларына толы болды деп қуанышпен айта аламыз.

Категория: Тамақтандыру

 

Автор: admin от 14-01-2019, 02:37, посмотрело: 69

0 Тақырыбы: Тамақтың маңызы және оның құрамы

Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға тағамның маңызын, құрамы мен қызметі және тамақтанудың гигиенасы жайында білім беру.Тәрбиелігі: оқушыларды дұрыс тамақтану маңызын, мезгілімен тамақтану мен салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

1. Тағамның маңызы. Қоректену – барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас – адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдалынатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. Өңделген тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам – ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.


Тағамның құрамы. Адам өсімдіктегі және жануартекті тағамдарды пайдаланады. Адам күнделікті пайдалынатын тағамының құрамында күрделі органикалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар және витаминдер) бар. Бұл заттар сол қалпында жасуша жарғақшасы арқылы өте алмайды. Жасуша жарғақшасы арқылы өту үшін қарапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан арқылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.
Тағам құрамындағы минералдық заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.
а) нәруыздар – адам пайдалынатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруы үщін құрамында біркүндік нәруыз мөлшері 100 - 120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз негізінен мал, құс еттерінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, асбұршақта, балықта көп кездеседі. Нәруыздар тек адам ағзасын қоректендіруші, құрастырушы ғана емес, сонымен қатар ол көптеген ферменттер мен гормондарды түзуге септігін тигізеді. Адм ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.
ә) майлар – бұларда адам ағзасы үшін қажетті заттың бірі. Майлар – жылу қоры. Май – сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және жануарлардың іш майында, майлы өсімдіктердің құрамында көп болады. Басқа органикалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, өйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Бір күнде адам денесінің 1 кг салмағына қажетті ас құрамындағы май мөлшері 1 - 1, 25 болуға тиіс. Енді, өзімізге бір тәулікте қанша май қажет екенін анықтайық. Орта есеппен адамға бір тәулігінен 70 - 100 г май пайдалану керек екен.
б) көмірсулар – бұл да негізгі жылу қоры. Олар көбіне өсімдіктекті тағамдардың, нанның, жарманың, картоптың құрамында көп кездеседі. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант жиі пайдаланады. Крахмал жармалардың ұнның, картоптың құрамында көп кездеседі. Ал, қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол кездеседі. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені, ол тез сіңіреді. Мұндай қант балдың, жеміс - жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесінде жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады. Адам тәулігіне 400 - 450 г крахмал және 100 г қант жұмсайды. Сонымен қатар, құрамында көмірсулар болатын тағамдарды көп пайдалану адамның семіруіне және қант ауруына әкеліп соғатынын есте сақтау қажет.
в) витаминдер немесе дәрумендер (латынша «vita» - тіршілік, «amin» - химиялық заттар) ерекше органикалық заттар. Адам оларды өте аз мөлшерде пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің денеміздегі мүшелеріміздің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдықтырады. Витаминдердің көптеген түрлері бар, атап айтқанда: А (ретиналь), В (тиамин), В2 (рибофлавин), В6 (пиродоксин), В12 (циакобаламин), С (аскорбин қышқылы), Д (кальциферолы), Е (токоферолы), К (филлохиноны) және т. б. жатады.
г) минералдық тұздар, адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдалынатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. Тұзсыз астың дәмі татымайды. Адам тәулігіне 5 - 6 г - дай ас тұзын пайдаланса жеткілікті. Минералды тұздар денеге жинақталады және жасушалар мен ұлпалардың құрамына кіреді. Мысалы, темір атогмы эритроциттердегі гемоглабиндердің құрамына кіреді және оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. Иод – қалқанша бездің гормонында, күкірт пен мырыш ұйқы безі гормонының құрамына кіреді. Қан түзу барысында темір, мыс өте қажет. Сүйектің құрамына кальций және фосфор кіреді. Және минералды тұздар адам ағзасында жетіспесе немесе көп болған жағдайда адам әртүрлі ауруға ұшырайды. Адам ағзасында минералды тұздар мен заттардың жалпы көлемі шамамен 4, 5 % құрайды. Минералды тұздардың көлемі адам ағзасындағы судың көлеміне байланысты болады.
д) су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адамның денесіндегі күрделі физиологиялық процестердің барлығы судың қатысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералды тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1, 5 - 2, 5 л су қажет. Ал, егер адам дене еңбегімен ұзақ айналысқанда онда адамның тәуліктік су мөлшері де өседі екен. Жалпы су адам ағзасының 70% құрайды. Су – ағзаға керексіз, улы заттарды да сыртқа шығарады.
Ағзаның ішкі орталығын сақтауда су мен тұздың маңызы ерекше, бұл күні ыстық, шөлді жерлерде айқын байқалады.

3. Тағамдық заттардың қызметі. Адам ағзасында тамақтық заттар көптеген қызмет атқарады. Солардың ішінде 2 түрлі қызметін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден – тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны тағамның құрылыстық қызметі дейді. Екіншіден - тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден - бір көзі болып саналады. Тағам құрамындағы күрделі органикалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық және т. б.) айналады. Мұны тағамдық заттардың энергетикалық қызметі дейді.
Қорыта айтқанда, тағамдық заттар ағзаны үнемі құрылыс материалдармен және энергиямен қамтамасыз етіп отырады. Ас қорыту – тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуін немесе қоректік заттардың ас қорыту мүшелерінде механикалық өңдеуден өтіп, ферменттердің әсерінен ағза жақсы сіңіретін, химиялық ыдырауға ұшырайтын, процесті айтады.
Қоректік зат – клеткалардың өсіп - өнуі мен дамуы үшін және ағзаның тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі.

4. Тамақтанудың гигиенасы. Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану арқылы адам өз денесіне қажетті заттарды алып отырады.
Ас тағамдары әр түрлі болуы керек. Үнемі бір түрлі тамақ ішкенде, оның сіңімділігі төмендеп, адамның асқа тәбеті тартпайды. Астың құрамында өсімдіктер және жануарлар өнімі болуы қажет.
Дәмдеп ішкен ас жылдам және толық қорытылады. Асқорыту сөлінің мол бөлуіне жеміс шырындары мен көкөністер әсер етеді.
Тамақтану мезгілі. Асқорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі үщін әр уақытта бір мезгілде тамақтану қажет. Үнемі бір мезгілде тамақтанып отырған адамның асқорыту мүшелерінің бездерінен тамақ алдында сөл бөліне бастайды. Сондықтан ас қарынға және ішекке түсісімен ыдырап, қорытыла береді.
Мезгілімен тамақтану – оның жылдам қорытылып және жақсы сіңуіне септігін тигізеді.
Күніне 4 мезгіл тамақтанған жөн. Ересек адамдар күніне 3 мезгіл тамақтанады. Күніне 4 рет тамақтанғанда асты былай мөлшерлеу дұрыс: таңертеңгі ас – 25%, түскі ас - 40%, сәскелік ас немесе түстен кейінгі ас - 15%, кеші ас - 20%. Тамақтану мерзімі асқорыту жүйесі мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.
Естеріңде болсын!
Тамақты өте кешігіп ішу және құрғақ тағамдарды жиі қолдану қарынның ауруға шалдығуына әкеліп соғады. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді. Асты ішуден бұрын қолды мұқият сабындап жуады. Асты асықпай, жақсылап шайнау керек. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Астың тым ыстық та, өте салқын да болмағаны жөн. Ас ішкеннен кейін ауызды сумен шайып, тістердің астың қалдығынан тазартып отыруға әдеттену қажет.

Категория: Тамақтандыру

 

Автор: admin от 14-01-2019, 02:31, посмотрело: 75

1 Абай атындағы шағын орталықты орта мектеп
Қаңтар айы
1-сынып оқушыларының ас мәзірі

10.01.2019
Бұқтырылған көксерке балығы /гарнир/
Сүт соусында көкөністер
Шырын,нан
11.01.2019
Көкөніс көжесі
Айран, нан
14.01.2019
Бұқтырылған сиыр еті (поджарка)
/гарнир/ қарақұмық
Сүт, нан
15.01.2019
Бұршақ көжесі
Көп дәруменді шырын
нан
16.01.2019
Рассольник
(тұздықты көже)
Айран, нан
17.01.2019
Бөктірілген көксерке балығы /гарнир/ картоп езбесі
Кисель, нан
18.01.2019
Үй кеспе көжесі
Компот, нан
21.01.2019
Бұршақ көжесі
Сүт
нан
22.01.2019
Вермишель салынған көже
Көп дәруменді шырын, нан
23.01.2019
Бұқтырылған сиыр еті
/гарнир/ күріш
Айран, нан
24.01.2019
Көксерке балық котлеті /гарнир/ сүт соусында көкөністер
Компот, нан
25.01.2019
Борщ
Нан
Кисель
Алма
28.01.2019
Үй кеспе көжесі
Сүт
Нан
29.01.2019
Үй қуырдағы
Компот
Нан
30.01.2019
Рассольник (тұздықты көже)
Айран, нан
31.01.2019
Көксерке балығы тефтелиі
/гарнир/сүт соуысында көкөністер
Көп дәруменді шырын
Нан












Абай атындағы шағын орталықты орта мектеп
Аз қамтылған оқушылардың ас мәзірі
Қаңтар айы
10.01.2019
Бұршақ көжесі
Көкөніс салаты
Бұқтырылған көксерке балығы /гарнир/
Сүт соусында көкөністер
Шабдалы шырыны, банан,нан
11.01.2019
Көкөніс көжесі
Ет биточкілері
/гарнир/ күріш бал, сүзбеше
сүт, нан
14.01.2019
Вермишель салынған көже
Бұқтырылған сиыр еті (поджарка)
/гарнир/ қарақұмық
Сүт, сүзбеше,бал нан
15.01.2019
Бұршақ көжесі
Сәбізден салат
Пісірілген тауық еті
/гарнир/ макарон
Көп дәруменді шырын, алмұрт
Нан
16.01.2019
Рассольник
(тұздықты көже)
Голубцы етпен және күрішпен
Сүзбеше,Айран, нан
17.01.2019
Жарма салынған көже
Көкөніс салаты
Бөктірілген көксерке балығы /гарнир/ картоп езбесі
Кисель, банан, нан
18.01.2019
Үй кеспе көжесі
Турама зразылар
Сүт, алма
бал, нан
21.01.2019
Бұршақ көжесі
Палау (сиыр еті)
сүзбеше
Сүт
Нан, бал
22.01.2019
Вермишель салынған көже
Дәруменді салат
Ет котлеті /гарнир/ арпа жармасы
Көп дәруменді шырын, нан, алма
23.01.2019
Балғын қырыққабаттан щи
Бұқтырылған сиыр еті
/гарнир/ күріш
Сүзбеше
Айран, нан
24.01.2019
Үй кеспе көжесі
Қызылша салаты сырмен
Көксерке балық котлеті /гарнир/ сүт соусында көкөністер
Компот, алмұрт,нан
25.01.2019
Борщ
Пісірілген тауық еті
/гарнир/ қарақұмық
Нан
Алма
Бал
сүт
28.01.2019
Үй кеспе көжесі
Сиыр етінен тефтели
/гарнир/қарақұмық
Ара балы, сүзбеше, Сүт
Нан
29.01.2019
Жарма салынған көже
Көкөністер салаты
Үй қуырдағы
Нан, алма, кисель
30.01.2019
Рассольник (тұздықты көже)
Бұқтырлыған ет (сиыр еті)
/гарнир/бұқтырылған қырыққабат
Сүзбеше,Айран, нан
31.01.2019
Бұршақ көже
Сәбізден салат
Көксерке балығы тефтелиі
/гарнир/сүт соуысында көкөністер
Көп дәруменді шырын
Нан, банан


Категория: Тамақтандыру

 

Абай атындағы орта мектеп тегін ыстық тамақтандыру

Автор: admin от 10-04-2016, 05:24, посмотрело: 1633

1 Абай атындағы орта мектептің тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың тізімі
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бұйрықтан көшірме №2
2016 жыл 5-қаңтар
Абай ауылы
1.Абай атындағы орта мектеп бойынша отбасы аз қамтылған оқушыларды бюджеттік тегін ыстық тамақпен тамақтандыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1.1.Оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттеу және аз қамтылған оқушыларды анықтап тізімін алу, Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарын негізге ала отырып құжаттарын жинақтау мектептің әлеуметтік педагогы К.Абитиноваға жүктелсін.
№ Оқушының аты-жөні Туған жылы айы, күні Сыныбы Әлеуметтік жағдайы
1. Қуанышбек Наркескен Абайұлы 11.08.2009 1 Аз қамтылған
2. Қазбекұлы Аят 18.04.2009 1 Аз қамтылған
3. Бұланбек Бағлан Асылханұлы 06.01.2009 1 Аз қамтылған
4. Қапар Сания Ғалымжанқызы 17.04.2009 1 Аз қамтылған
5. Совет Ғабит Ермекұлы 31.05.2009 1 Аз қамтылған
6. Майкөбек Рахат Қазбекқызы 11.03.2008 2 Аз қамтылған
7. Майданхан Диана Жошыханқызы 02.08.2008 2 Аз қамтылған
8. Тәкен Аяулым Абдуллақызы 28.12.2007 2 Аз қамтылған
9. Савет Сәбит Ермекұлы 08.02.2007 3 Аз қамтылған
10. Бұланбек Аян Асылханұлы 06.07.2007 3 Аз қамтылған
11. Әділхан Жасали Шерқанұлы 22.08.2007 3 Аз қамтылған
12. Қуанышбек Ахметжан Абайұлы 13.09.2006 4 Аз қамтылған
13. Майданхан Алина Жошыжанқызы 13.05.2006 4 Аз қамтылған
14. Қапар Бекзат Ғалымжанұлы 22.07.2006 4 Аз қамтылған
15. Жаманақ Аружан Бауыржанқызы 17.12.2005 4 Аз қамтылған
16. Тілекқызы Еркеназ 11.07.2006 4 Аз қамтылған
17. Тынышқұл Ердаулет Тілекұлы 28.01.2005 5 Аз қамтылған
18. Тұрарова Асем Ғалымжанқызы 26.11.2004 5 Аз қамтылған
19. Жаманақов Ринат Бауыржанұлы 20.08.2004 5 Аз қамтылған
20. Майкөбекова Қарақат Қазбекқызы 08.03.2005 5 Аз қамтылған
21. Қапар Дания Ғалымжанқызы 06.03.2004 6 Аз қамтылған
22. Савет Сабыр Ермекұлы 16.07.2004 6 Аз қамтылған
23. Қуанышбек Аяжан Абайқызы 27.09.2003 6 Аз қамтылған
24. Тынышқұл Нұрдаулет Тілекұлы 12.11.2003 6 Аз қамтылған
25. Адилханова Диана Шерқанқызы 17.02.2004 6 Аз қамтылған
26. Асқарқызы Бағлан 05.04.2002 7 Аз қамтылған
27. Максутова Наркиза Таргатқызы 06.06.2003 7 Аз қамтылған
28. Майданханов Аслан Жошыжанұлы 25.05.2003 7 Аз қамтылған
29. Қорабек Нарғиза Сейсенханқызы 22.04.2003 7 Аз қамтылған
30. Қорабекова Аяжан Сейсеханқызы 06.12.2001 8 Аз қамтылған
31. Такенов Ғалымжан Абдуллаұлы 19.10.2001 8 Аз қамтылған
32. Қапаров Ұлан Ғалымжанұлы 24.06.2002 8 Аз қамтылған
33. Әділханов Диас Шерқанұлы 13.08.2002 8 Аз қамтылған
34. Жаманақ Саят Бауыржанұлы 28.01.2002 8 Аз қамтылған
35. Максутова Халида Таргатовна 22.03.2001 8 Аз қамтылған
36. Майданханова Аяжан Жошыжанқызы 19.09.2001 8 Аз қамтылған
37. Бұланбек Қуандық Асылханұлы 26.08.2000 9 Аз қамтылған
38. Тұрар Балнұр Ғалымжанқызы 2.10.2000 9 Аз қамтылған
39. Майкөбек Ақнұр Қазбекқызы 03.10.2000 9 Аз қамтылған
40. Асқарқызы Алтынай 28.10.1999 10 Аз қамтылған
41. Максутова Феруза Таргатовна 10.03.1999 10 Аз қамтылған

1.2. Асхананың және аспазшының , ауыз судың санитарлық- гигиеналық жағдайының және ас мәзірінің талапқа сай болуын қадағалау мектеп медбикесі Н.Көшербаеваға жүктелсін.
1.3. Оқушыларға берілетін тағамның уақытылы жеткізілуін, ас мәзірінің дұрыс құрылуын, сапасын, шығу мерзімін қадағалау мақсатында төмендегі құрамда мониторингі комиссиясы құрылсын.
1.Мектеп директоры- Азаматов Т.Қ
2.Кәсіподақ ұйымынан- Керімқұлова Д
3.Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары- Байгисиева Г
4.Ата-аналар комитетінен- Сарсенова С
5.Педагог-ұйымдастырушы- Құлажанова Ж
6. Әлеуметтік педагог- Абитинова К
7.Мектеп медбикесі- Көшербаева Н
1.4.Оқушыларды дұрыс тамақтандыру туралы тренинг сауалнама,тақырыпты баяндама , лекциялар өткізіп тұру мектеп психологы А.Талдыбаеваға жүктелсін.
Ас мәзірі бойынша есеп беру және осы бұйрықтың орындалуын қадағалау, ыстық тамаққа жауапты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Байгисиеваға тапсырылсын.
1.5.Тегін тамақпен қамтылатын оқушылар келмей қалған жағдайда орнына тамақтанатын резервтік топқа төмендегі оқушылардың тізімі бекітілсін:
1.Қалкенұлы Б
2. Бейсенбекова Г
3.Омарова Ж
4.Жұмаханова А
5.Жарқынбеков Ә
6.Адилханова А
7.Батырхан Б
8.Батырхан А



Мектеп директоры: Азаматов Т.Қ
Көшірме дұрыс Тоқтыбаева А.




Категория: Тамақтандыру

 
 
,