» Материалы за Январь 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Автор: admin от 14-01-2019, 02:37, посмотрело: 149

0 Тақырыбы: Тамақтың маңызы және оның құрамы

Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға тағамның маңызын, құрамы мен қызметі және тамақтанудың гигиенасы жайында білім беру.Тәрбиелігі: оқушыларды дұрыс тамақтану маңызын, мезгілімен тамақтану мен салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

1. Тағамның маңызы. Қоректену – барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас – адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдалынатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. Өңделген тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам – ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.


Тағамның құрамы. Адам өсімдіктегі және жануартекті тағамдарды пайдаланады. Адам күнделікті пайдалынатын тағамының құрамында күрделі органикалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар және витаминдер) бар. Бұл заттар сол қалпында жасуша жарғақшасы арқылы өте алмайды. Жасуша жарғақшасы арқылы өту үшін қарапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан арқылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.
Тағам құрамындағы минералдық заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.
а) нәруыздар – адам пайдалынатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруы үщін құрамында біркүндік нәруыз мөлшері 100 - 120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз негізінен мал, құс еттерінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, асбұршақта, балықта көп кездеседі. Нәруыздар тек адам ағзасын қоректендіруші, құрастырушы ғана емес, сонымен қатар ол көптеген ферменттер мен гормондарды түзуге септігін тигізеді. Адм ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.
ә) майлар – бұларда адам ағзасы үшін қажетті заттың бірі. Майлар – жылу қоры. Май – сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және жануарлардың іш майында, майлы өсімдіктердің құрамында көп болады. Басқа органикалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, өйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Бір күнде адам денесінің 1 кг салмағына қажетті ас құрамындағы май мөлшері 1 - 1, 25 болуға тиіс. Енді, өзімізге бір тәулікте қанша май қажет екенін анықтайық. Орта есеппен адамға бір тәулігінен 70 - 100 г май пайдалану керек екен.
б) көмірсулар – бұл да негізгі жылу қоры. Олар көбіне өсімдіктекті тағамдардың, нанның, жарманың, картоптың құрамында көп кездеседі. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант жиі пайдаланады. Крахмал жармалардың ұнның, картоптың құрамында көп кездеседі. Ал, қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол кездеседі. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені, ол тез сіңіреді. Мұндай қант балдың, жеміс - жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесінде жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады. Адам тәулігіне 400 - 450 г крахмал және 100 г қант жұмсайды. Сонымен қатар, құрамында көмірсулар болатын тағамдарды көп пайдалану адамның семіруіне және қант ауруына әкеліп соғатынын есте сақтау қажет.
в) витаминдер немесе дәрумендер (латынша «vita» - тіршілік, «amin» - химиялық заттар) ерекше органикалық заттар. Адам оларды өте аз мөлшерде пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің денеміздегі мүшелеріміздің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдықтырады. Витаминдердің көптеген түрлері бар, атап айтқанда: А (ретиналь), В (тиамин), В2 (рибофлавин), В6 (пиродоксин), В12 (циакобаламин), С (аскорбин қышқылы), Д (кальциферолы), Е (токоферолы), К (филлохиноны) және т. б. жатады.
г) минералдық тұздар, адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдалынатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. Тұзсыз астың дәмі татымайды. Адам тәулігіне 5 - 6 г - дай ас тұзын пайдаланса жеткілікті. Минералды тұздар денеге жинақталады және жасушалар мен ұлпалардың құрамына кіреді. Мысалы, темір атогмы эритроциттердегі гемоглабиндердің құрамына кіреді және оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. Иод – қалқанша бездің гормонында, күкірт пен мырыш ұйқы безі гормонының құрамына кіреді. Қан түзу барысында темір, мыс өте қажет. Сүйектің құрамына кальций және фосфор кіреді. Және минералды тұздар адам ағзасында жетіспесе немесе көп болған жағдайда адам әртүрлі ауруға ұшырайды. Адам ағзасында минералды тұздар мен заттардың жалпы көлемі шамамен 4, 5 % құрайды. Минералды тұздардың көлемі адам ағзасындағы судың көлеміне байланысты болады.
д) су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адамның денесіндегі күрделі физиологиялық процестердің барлығы судың қатысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералды тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1, 5 - 2, 5 л су қажет. Ал, егер адам дене еңбегімен ұзақ айналысқанда онда адамның тәуліктік су мөлшері де өседі екен. Жалпы су адам ағзасының 70% құрайды. Су – ағзаға керексіз, улы заттарды да сыртқа шығарады.
Ағзаның ішкі орталығын сақтауда су мен тұздың маңызы ерекше, бұл күні ыстық, шөлді жерлерде айқын байқалады.

3. Тағамдық заттардың қызметі. Адам ағзасында тамақтық заттар көптеген қызмет атқарады. Солардың ішінде 2 түрлі қызметін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден – тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны тағамның құрылыстық қызметі дейді. Екіншіден - тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден - бір көзі болып саналады. Тағам құрамындағы күрделі органикалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық және т. б.) айналады. Мұны тағамдық заттардың энергетикалық қызметі дейді.
Қорыта айтқанда, тағамдық заттар ағзаны үнемі құрылыс материалдармен және энергиямен қамтамасыз етіп отырады. Ас қорыту – тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуін немесе қоректік заттардың ас қорыту мүшелерінде механикалық өңдеуден өтіп, ферменттердің әсерінен ағза жақсы сіңіретін, химиялық ыдырауға ұшырайтын, процесті айтады.
Қоректік зат – клеткалардың өсіп - өнуі мен дамуы үшін және ағзаның тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі.

4. Тамақтанудың гигиенасы. Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану арқылы адам өз денесіне қажетті заттарды алып отырады.
Ас тағамдары әр түрлі болуы керек. Үнемі бір түрлі тамақ ішкенде, оның сіңімділігі төмендеп, адамның асқа тәбеті тартпайды. Астың құрамында өсімдіктер және жануарлар өнімі болуы қажет.
Дәмдеп ішкен ас жылдам және толық қорытылады. Асқорыту сөлінің мол бөлуіне жеміс шырындары мен көкөністер әсер етеді.
Тамақтану мезгілі. Асқорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі үщін әр уақытта бір мезгілде тамақтану қажет. Үнемі бір мезгілде тамақтанып отырған адамның асқорыту мүшелерінің бездерінен тамақ алдында сөл бөліне бастайды. Сондықтан ас қарынға және ішекке түсісімен ыдырап, қорытыла береді.
Мезгілімен тамақтану – оның жылдам қорытылып және жақсы сіңуіне септігін тигізеді.
Күніне 4 мезгіл тамақтанған жөн. Ересек адамдар күніне 3 мезгіл тамақтанады. Күніне 4 рет тамақтанғанда асты былай мөлшерлеу дұрыс: таңертеңгі ас – 25%, түскі ас - 40%, сәскелік ас немесе түстен кейінгі ас - 15%, кеші ас - 20%. Тамақтану мерзімі асқорыту жүйесі мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.
Естеріңде болсын!
Тамақты өте кешігіп ішу және құрғақ тағамдарды жиі қолдану қарынның ауруға шалдығуына әкеліп соғады. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді. Асты ішуден бұрын қолды мұқият сабындап жуады. Асты асықпай, жақсылап шайнау керек. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Астың тым ыстық та, өте салқын да болмағаны жөн. Ас ішкеннен кейін ауызды сумен шайып, тістердің астың қалдығынан тазартып отыруға әдеттену қажет.

Категория: Тамақтандыру

 

Автор: admin от 14-01-2019, 02:31, посмотрело: 107

1 Абай атындағы шағын орталықты орта мектеп
Қаңтар айы
1-сынып оқушыларының ас мәзірі

10.01.2019
Бұқтырылған көксерке балығы /гарнир/
Сүт соусында көкөністер
Шырын,нан
11.01.2019
Көкөніс көжесі
Айран, нан
14.01.2019
Бұқтырылған сиыр еті (поджарка)
/гарнир/ қарақұмық
Сүт, нан
15.01.2019
Бұршақ көжесі
Көп дәруменді шырын
нан
16.01.2019
Рассольник
(тұздықты көже)
Айран, нан
17.01.2019
Бөктірілген көксерке балығы /гарнир/ картоп езбесі
Кисель, нан
18.01.2019
Үй кеспе көжесі
Компот, нан
21.01.2019
Бұршақ көжесі
Сүт
нан
22.01.2019
Вермишель салынған көже
Көп дәруменді шырын, нан
23.01.2019
Бұқтырылған сиыр еті
/гарнир/ күріш
Айран, нан
24.01.2019
Көксерке балық котлеті /гарнир/ сүт соусында көкөністер
Компот, нан
25.01.2019
Борщ
Нан
Кисель
Алма
28.01.2019
Үй кеспе көжесі
Сүт
Нан
29.01.2019
Үй қуырдағы
Компот
Нан
30.01.2019
Рассольник (тұздықты көже)
Айран, нан
31.01.2019
Көксерке балығы тефтелиі
/гарнир/сүт соуысында көкөністер
Көп дәруменді шырын
Нан












Абай атындағы шағын орталықты орта мектеп
Аз қамтылған оқушылардың ас мәзірі
Қаңтар айы
10.01.2019
Бұршақ көжесі
Көкөніс салаты
Бұқтырылған көксерке балығы /гарнир/
Сүт соусында көкөністер
Шабдалы шырыны, банан,нан
11.01.2019
Көкөніс көжесі
Ет биточкілері
/гарнир/ күріш бал, сүзбеше
сүт, нан
14.01.2019
Вермишель салынған көже
Бұқтырылған сиыр еті (поджарка)
/гарнир/ қарақұмық
Сүт, сүзбеше,бал нан
15.01.2019
Бұршақ көжесі
Сәбізден салат
Пісірілген тауық еті
/гарнир/ макарон
Көп дәруменді шырын, алмұрт
Нан
16.01.2019
Рассольник
(тұздықты көже)
Голубцы етпен және күрішпен
Сүзбеше,Айран, нан
17.01.2019
Жарма салынған көже
Көкөніс салаты
Бөктірілген көксерке балығы /гарнир/ картоп езбесі
Кисель, банан, нан
18.01.2019
Үй кеспе көжесі
Турама зразылар
Сүт, алма
бал, нан
21.01.2019
Бұршақ көжесі
Палау (сиыр еті)
сүзбеше
Сүт
Нан, бал
22.01.2019
Вермишель салынған көже
Дәруменді салат
Ет котлеті /гарнир/ арпа жармасы
Көп дәруменді шырын, нан, алма
23.01.2019
Балғын қырыққабаттан щи
Бұқтырылған сиыр еті
/гарнир/ күріш
Сүзбеше
Айран, нан
24.01.2019
Үй кеспе көжесі
Қызылша салаты сырмен
Көксерке балық котлеті /гарнир/ сүт соусында көкөністер
Компот, алмұрт,нан
25.01.2019
Борщ
Пісірілген тауық еті
/гарнир/ қарақұмық
Нан
Алма
Бал
сүт
28.01.2019
Үй кеспе көжесі
Сиыр етінен тефтели
/гарнир/қарақұмық
Ара балы, сүзбеше, Сүт
Нан
29.01.2019
Жарма салынған көже
Көкөністер салаты
Үй қуырдағы
Нан, алма, кисель
30.01.2019
Рассольник (тұздықты көже)
Бұқтырлыған ет (сиыр еті)
/гарнир/бұқтырылған қырыққабат
Сүзбеше,Айран, нан
31.01.2019
Бұршақ көже
Сәбізден салат
Көксерке балығы тефтелиі
/гарнир/сүт соуысында көкөністер
Көп дәруменді шырын
Нан, банан


Категория: Тамақтандыру

 
 
,