» Материалы за Июнь 2017 года

Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Автор: admin от 15-06-2017, 22:20, посмотрело: 258

1
«Функционалдық сауаттылықты дамыту.Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру»

Құрметті әріптестер, бүгінгі баяндамамда мен, ҚР БҒМ вице-министрі қызметін атқарған азамат Есенғазы Иманғалиевтің,журналист Руслан Ғаббасовқа «Білім шапағаты» газетіне осыдан екі жыл бұрын берген сұхбаты, «2022 жылға қарай 12 жылдық білім беруге көшу толықтай аяқталатын болады» атты мақаласымен бірге, «Білім берудегі тың үрдіс –функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбындағы белгілі ақын Ахат Құрмансейітовтің мақалаларына сүйене отырып жазғандығымды айтқым келіп отыр. Бұл кісілердің мақаласында, «Функционалдық сауаттылықты дамыту.Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» туралы мол ақпарат алуға болады, әрі журналисттің қойған сұрақтары мен автордың жауаптары, баяндама тақырыбын дөп ашылған, өте түсінікті де
Өздеріңізге белгілі, елімізде Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасы аясындағы 100 нақты қадам Ұлт жоспары іске асырылуда. Білім және ғылым министрлігі осы жоспардың білім мен ғылым саласын әрі қарай дамытуға бағытталған 7 қадамын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, Ұлттық жаңғырту жөніндегі комиссияның қарауына енгізді. Жалпы алғанда, Ұлттық комиссия аталған ұсыныстарды мақұлдады. Оның 5 қадамы білім саласы бойынша және 2 қадамы ғылым саласына қатысты. Баяндама тақырыбы 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 76-қадамы болып отыр. Біріншіден, аталған жоспардың 76-қадамы 12 жылдық білімге кезең-кезеңімен өтуді, жанбасылық қаржыландыруды, табысты мектептерді ынталандыру тетіктерін енгізу және педагогикалық білімді жаңғыртуды көздейді. Қадам аясында орта білімнің жаңа мазмұнын әзірлеу және ендіру жоспарланған. Жаңартылған стандарттарды апробациялау жаңа оқу жылынан басталатын болады. Сонымен қатар шағын жинақты мектептердің мәселелері де шешілетін болады. Осы ретте, 19,6 мың жоғары сынып оқушыларын толық жинақталған мектептерге ауыстыру, ірі аудан орталықтарында 350 интернатты қайта жөндеу және 64 жоғары мектеп құрылысын жүргізу жоспарланып қазіргі таңда іске асырылуда. Тірек орталықтарының саны 200 бірлікке жететін болды да, 12 жылдық білімге өту шаралары Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Педагогикалық білімді жаңғырту үшін мұғалімнің кәсіби стандарты және 46 жаңа бакалавриат/магистратура білім бағдарламалары әзірленетін болады. 15 базалық педагогикалық жоғары оқу орындары іріктелінеді. Педагогикалық жоғары оқу орындарының 4 мың оқытушысы жаңа форматтағы мұғалімдерді оқыту үшін даярлықтан өтеді. Педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырысты арттыру, осы бағытта оқитын студенттердің шәкіртақыларына үстемақы белгілеу, педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылдаудың жаңа ережелерін ендіру және кәсіпке кірісу барысында тәуелсіз сертификаттау жоспарлануда. Ал жанбасылық қаржыландыруға өту үшін 126 қанатқақты мектепте апробация жүргізу ұсынылады (бұл 5 облыстағы қазіргі кезде қанатқақты жоба жүргізіліп отырған 63 мектеп және 63 жаңа мектеп: Қарағандыда - 44, Түркістанда - 19). 4 мың мектеп басшылары жанбасылық қаржыландыру және бюджеттік жоспарлау менеджментіне оқытылатын болады. Аталған жоба шеңберінде мектептерді ынталандыру жүйесі қарастырылады. Сапа өсімі көрсеткіштері мен нәтижелілік бойынша бағалау критерийлері, әрбір облыста мектептерді конкурстық іріктеу тетіктері әзірленеді. Бұл жұмыстар «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және іске асыруды көздейтін 89-қадаммен тығыз байланысты. Мақсат - Мәңгілік ел құндылықтарын қазір мектепте қолданылып отырған оқу бағдарламаларына ендіру. «Мәңгілік ел» құндылықтарын ескере отырып, тәрбие жұмысының бірыңғай тұжырымдамасын білім берудің барлық деңгейлерінде іске асыру, әдістемелік құралдарды әзірлеу, педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жоспарлануда.Бұл дегеніміз жоғары сынып оқушылары ,мектеп қабырғасында жүріп –ақ кәсіптік техникалық білім ала алады дегенді білдіреді. Президент Н.Назарбаевтың межелеген Ұлт жоспары – «100 нақты қадамының» 76-қадамында Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымына мүше елдері стандарттарының негізіндефункциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту және жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе екендігі атап айтылған. Расында, алдағы жылдарда елді дамытатын да, сол дамыған дәуірдің жемісін көретін де – жас ұрпақ. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдысын қалыптастыру, құзыретті тұлға дайындау. Шығармашылықпен жұмыс жасау – мектепке дейінгі білім беру ұйым¬дары ұстаздарының басты міндеті болып отыр. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана – мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Жаңа формациядағы ұстаздарды дайындау, Ұлт жоспарының 76-¬қадамы негізінде адам кап謬та¬лының сапасын көтеру арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізу білімді де білікті мамандар дайындауды талап етеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылығы жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.
Сондай - ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткен болатын. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы өткен ғасырдың 60 - жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемге функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай - ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген.
Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Қазақ маманы С. Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1 - ден 3 - сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылығы дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Сауаттылықты сапалы дамыту: Білім алудағы қажеттіліктерді күнделікті сабақта қолдану. Сапалы оқыту, оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалану жолдарын меңгеру. Зияткер, рухани, адами тұрғысында дамыған, әлемдегі әлеуметтік өмірге бейімдеу. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - басты міндет
2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылған.
Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен біріншіден, үйден отбасынан басталады. Өйткені, ата - аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып көрсетілген.
Біріншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге араласуы. Біз экономикамыздағы, әлеуметтік – саяси және рухани өміріміздегі жетістіктерді заңды түрде мақтан етеміз. Тіпті «экономика» деген сөздің өзін сөзбе сөз аударсақ «үй шаруашылығы» дегенді білдіреді. Сондықтан да отбасындағы экономиканы мемлекеттік экономиканың құрамдас бөлігі ретінде қарауға тура келеді. Демек, оған байыпты түрде біліммен әрі шаруақорлықпен қарау керек.
Біліммен қарау деген түсінікті, ал шаруақорлықпен қарау деген не нәрсе? Шаруақорлықпен қарау дегеніміз мынау: Үйде желінбей қалған нанның үзіндерін, қабықтарын және кеуіп қалған нанды ешқашан лақтырып тастамау. Нанның біздің өміріміздегі маңызы туралы – бұл тамаққа ата - ана баласын ізгі құрметпен қарауға тәрбиелеу керек. Халқымыз нанды ежелден қастерлеп, құрметтеп келеді. Алайда нанның бар екеніне әрі оның әрқашан болатынына деген сенімділік. Адамға жалғыз нан ғана қажет емес, бірақ нанда минералды заттар бар. Мысалы, калий орталық нерв жүйесінің қалыпты жұмыс істеуінде жетекші роль атқарады, темір – қан түзетін элемент және т. б. Бидай мен қара бидайдың дәнінде витаминдердің едәуір мөлшері бар. Әсіресе, ол В тобындағы витаминдерге: тиамин (В1), рибофлавин (В2), никотин қышқылына (РР) бай. Балалардың тамақтануында В2 және РР витаминдерінің ролі өте зор. Баланың бойының өсуіне ықпал етеді. Бұл жерде нанға деген құрмет, шаруақорлықпен пайдалану туралы әңгіме тіпті де төтенше жағдайға байланысты туып отырған жоқ. Жалпы, бұл жерде ата - ананың функционалдық сауаттылығы, соның ішінде баланың нанға деген ұқыптылықпен қарауы болып отыр.
Отбасында әрбір грамды, ватты, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез - құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата - ана бойында да болуға тиіс. Ата – аналар баланың ұғынуына көмектесулері керек. Үйде жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіру, токтан ажырату қажеттігін, есік алдағы су құбырының краны арқылы тамшыдан өзен құралып қайта ағып кетіп жатқанын бала білуге тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай біледі. Осының бәрінде аса терең ата - ананың функционалдық сауаттылығы тұр. Баласының бойына адамгершілік проблемасын және тәуелсіздік еліміздің байлығына үнемділікпен, ыждаһаттылықпен қарауға, адам еңбегімен жасалған нәрсенің бәрін бағалай білетін азаматтық ең жақсы қасиеттерді дарыту. Ата – ана баланың ең әуелі өздері істей алатынды үйретуі тиіс. Әкесі дәнекерлей білсе – баласын да үйретсін. Анасы: он саусағынан өнер тамған шебер екен, әрине қызын өнеріне сөзсіз үйретеді.
Екіншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз – өмір бойы білім алуына ықпал ететін, авторлық база жасау. Өмір бойы іздену, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыру.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы екіншіден, мектептен басталады.
Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Тек білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Сондықтан да мұғалім сапалы білім, салиқалы ой - өрісі кең тұлғаны қалыптастыруы үшін 45 минуттық сабағын қазіргі заманғы білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып өту керек. Осы жерде орыс педагогы А.С.Макаренконың «45 жыл мұғалім болса да 45 минуттық сабағына дайындалып келу керек» деген нақыл сөзін еске алуға болады. Мұғалім оқушыны тек қана мектептің бағдарламасымен шектеліп қалдырмай, теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен, өмірмен байланыстыра білуге үйрету керек. Осындай әдіс - тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті - мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру- деген авторлардың сөзіне төмендегідей, қысқаша түйінді ой қосқым келіп отыр.Бұрынғы ұстап жүрген қалталы телефондарымызда «функции» деген бағдарлама тетік болатын, қазіргі смартфондарда ол, «опции» деп жазылуда, сол функций деген бағдары арқылы біз ұялы телефондағы өзімізге қажетті операцияларды іске асырамыз.Бұндағы айтпағым функцияналды сауаттылық дегеніміз, бала алған білімін өмірлік тәжірбиеде 100% қолдана алуы, оған әрине мұғалім бағыт бағдар беруі тиіс.
Ата-бабаларымыз кезінде бәрін біліп айтқан ғой. Оқу, білімнің адам өмірінде алатын орны мен маңызы туралы ұлы хакім Абай мен ұлы ағартушы Ыбырай айтқан маржан сөз, өлең-жырлар қанша ма?! Соның бәрін қазір балабақша, мектеп баласы жаттап өсіп келеді, әлі де жаттай береді. Әр қазақтың ауызында бір дұғагөй қарттың айтқан: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөз де әлі күнге дейін айтылумен келеді. Сондықтан да бүгінгі таңда әрбір адам білімді болуы шарт. Бірақ, ол адамгершілік, отанды сүюшілік, ізгілік идеяларына қызмет етуі керек.

Категория: Әкімшілік

Автор: admin от 15-06-2017, 22:16, посмотрело: 177

1
«Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу»

«Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті...» Н.Ә.Назарбаев

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда ұлт зиялыларына да жүктелер міндет өте ауыр. Сол зиялы қауымның бірі - ұстаздар. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де – білім. Ілім мен ғылым - бұл қоғамдық мүдде. Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашан да қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді.
Жастарымызды білім машығын игеріп, алған білімдерін күнделікті өмірде және «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру барысында тиімді пайдалана алуға баулу жолында еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етіп, ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына сүбелі үлес қосып келе жатқанымызға мақтанамыз. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Біз бүгін XXI ғасырдың есігін айқара ашып төріне еніп отырмыз. Бұл ғасырды Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры. «Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы ең мәртебелі жол. «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы, бұл мақсат.
«Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Тәуелсіздік жолы – ар-намыс жолы. Ғасырлар бойы ата-баба аңсаған тәуелсіздік. Бұл ғасырда бір ғана болатын мүмкіндік. Біз – тәуелсіздіктен ұлтаралық үйлесімді, татулықты, халықаралық бейбітшілікті күтеміз.
Адам – қашанда еркіндікті, бостандықты аңсайды, тек аңсап қана қоймай, сол үшін әдіс-тәсіл іздейді, күреседі. Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік – асыл арман. Оған жетудің жолы әрқилы. Негізгісі екеу. Бірі – күрес жолы, екіншісі келісім жолы. Ал тәуелсіздікке қол жеткізген соң оны сақтап қалу, одан да қиын. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздық болмау керек. Ал, ол үшін халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат – мұрат керек.
Ұлттық идея – халық мұраты. Идея – грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мәселен, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi.
Тәуелсіздік – қасиетті сөз, қастерлі де киелі ұғым. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, жықпай ұстау, біздің қолымызда. Тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, оның көзіміздің қарашығындай қорғау, баршамыздың борышымыз. Ұлттық санамыз саяси өрісіміз сілкініс жасап, өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың қандай болғандығын, ұлан байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, кешегі тектілердің ұрпағы екендігімізді ұғынып, келешекке жеткізу парызымыз. Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз! Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды.
Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көп ұлттың өкілдеріне Отан болып табылады. Бір кездері Алаш арысы Міржақып Дулатов «Түрік баласы» атты жазбасында:
«Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады», – деп, сонымен бірге тағы жазған мақаласында: «Тарихы, әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады», – деді.
Біздің Отанымыз Қазақстан – бүгінде тәуелсіз мемлекет. Елбасымыз өз сөзінде «Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Біз – дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Басқа бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білу бір бөлек. Тәуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың даңғылына түсе алған жоқ. Тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол- өткен бабалардың алдыңдағы қасиетті борыш және келешек ұрпақтың алдыңдағы зор жауапкершілік. Біз Тәуелсіздігімізге тәу етіп,тәубе деп, Тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз.Біз бүгін Ұлы тарихымыздың тағы бір шебінен сенімді өтіп келеміз» деген еді. Шынында да тәуелсіздікке қол жеткізуіміз, адамзаттың басынан кешірген, ғаламат зобалаң заманнан аман – есен өтуіміздің өзі баға жетпес мұра емес пе?!
Түрік тарихын зерттеуші, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы: «Мәңгілік Ел» - түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея...» - екендігін жазған еді.Түрік қағанатын құрағаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік Ел» идеясын қолына алды. Мәңгілік ел – мақсаты түрік елінің билігі деп біршама ғасыр бұрын мәңгілік ел идеясын ұсынылғаны байқалады. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуде, ал ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.

Бір кездерде дүркіретіп билік құрған Көктүріктер империясы ту еткен, Тоныкөк негізін қалаған, ұлы Шыңғыс хан империясының атына айналған Мәңгі ел құндылығы бүгін, міне, осылайша Қазақстан мемлекетінің түп қазығы – ұлттық идеясына айналды. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы тағы бір данамыз Асан қайғының осы тектес идеясымен де астасып жатыр. Бұл – «Жерұйық» идеясы. Бұл да- өте терең, ғажап идея. Халқының болашағын ойлап, ел аласы, ру таласы болмайтын жер іздеуі баяндалады. Елбасы Жолдауында ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын Асан қайғы армандаған «Жерұйық» идеясының жалғасы деп қарастыруымызға болады.
Елбасы:«Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ. Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады», деді. Сонымен бірге Қазақстанды Мәңгілік елге айналдырудың жолдары,түрлі иірімдері мен тетіктері,кезеңдері нақтыланып көрсетілді. «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы», - деп атап өтті
Тіл - «Мәңгілік ел» идеясының басты негізі.
Елбасы 2014 жылғы Жолдауында қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел ата - бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атануы еді, ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
Біз бұл арманды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізуді, еліміздің жүрегі Елорда тұрғызылды. Қазақтың мәңгілік ғұмыры, ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналды.
Ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел! - делінген. Сонымен қатар, Президентіміз Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан – 2050» стратегиясының түпқазығы етіп алынғандығын алға тартты. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін баршамызға мәлімдеді. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан - жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберді. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама?Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана, ол - Мәңгілік Ел», - деді Елбасы.
Мәңгілік Ел идеясын, ұлттық идеологияның негізгі факторы ретінде қарай отырып, оны барлық қазақстандықтар қолдайтын ортақ, әлеуметтік, этностық, діни бірегейлікті қамтамасыз ететін басты ұстанымға айналдыру қазіргі кезеңнің басты міндеті болмақшы. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы – бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту, ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.
Сондықтан да «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың тұжырымдамалық негізін философиялық тұрғыдан талдау қажеттілігі туындайды. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бері жүзеге асырып келеді. Ол қазақ халқының тарихи санасын қалыптастырып, дамытуға бағытталған. Осындай бір алғашқы қадамдардың қатарына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы» Заңын жатқызуға болады. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол
құндылықтардың ішіндегі ең бастысы – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен өлшенеді. Мемлекет қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем болады. Мемлекеттік тілде сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын арттырады. Тіл - ұлттың мәдени коды, ойлау және таным, дүниеге қатынасының, құндылықтарды бағалай білу жүйесінің коды. Тіл - билік, үлкен саясат. Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты қолдаушысы. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі.
Бұл жолда тілдік және ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ел тәуелсіздігін қорғаудың басты ұстанымы болуы тиіс. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын - бүгінгі жастар. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Патриотизм біздің қазақстандық жастар үшін, этностарды біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс. Ел мәртебесіне, оның асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек әділеттілік пен өзара ынтымақтастық және сыйластық негізінде қол жеткізілуі тиіс.
«Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.
«Қазақстан – 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы. Елбасының биылғы Жолдауда айтқан «Мәңгілік Ел» идеясы да осыдан туындаған деп ойлаймын. Бұл Жолдауда Елбасымыз басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы екенін оған апаратын жол – ол «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті екенін жете айтып өтті. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма екі жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында.
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты болып отыр. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар екенін айта келе, Елбасы мемлекетіміз бен қоғамымыз алдында тұрған нақты міндеттерді жан-жақты айқындап берді. Халқымыздың денсаулығы және әл-ауқаты, сонымен қатар жетім-жесір, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайларына назар бөлу және мұқият түрде назардан тыс шығармау, зейнеткерлердің жағдай мәселесін арттыру, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту, индустрияны ғылыми негізде дамыту.
Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге — жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», — деген еді. Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Біздің ата-аналарымыз жете алмаған мұрат-мақсаттар, мүмкіндіктер, біздің алдымызда айқара есігін ашып тұр, біз өз кезегімізде осы мүмкіндіктерді іске асыру барысында, бар күш-жігерімізді аямай, табысты жұмыс жасауымыз қажет. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Осыны ескере отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Дамыған елдің адамы – нағыз патриот: өз елін, өз жерін, Отанын сүйеді, өз тілін, дәстүрін, әдебиетін, тарихын біледі, қадір тұтады. Елбасымыз қазақстандық патриотизм туралы, әрбір азаматтың патриоттық сезімін ояту, қалыптастыру туралы тектен-тек айтып жүрген жоқ. Патриотизм біздер үшін – қуатты күш, қосымша инвентиция. Оның негізінде рух, намыс жатыр. Қазіргі ел аузындағы Мәңгілік ел, Нұрлы жол деген тіркестер бейнелі түрде кездейсоқ айтылған емес. Бұл-қазақтардың ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың таяу жылдардағы бетке ұстар идеясы, өмірлік нысанасы. Мәңгілік ел – мыңжылдық мәні бар жалпыұлттық идея. Мәңгілік ел – Тәуелсіздік тұсында қалыптасқан философиялық идея. Көреген хандарымыз бен дана билеріміз, кешегі өткен Алаш арыстары қазақ елін қайырымды қоғамға, Жерұйыққа, Мәңгілік елге айналдыруды арман еткен, сол үшін күрескен, қан төккен, еңбек еткен.
Ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш тұғырдан, яғни үш негізден тұрады: біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» манифесі, екіншісі – Әл – Фарабидің философиялық шығармаларында, әсіресе, «Қайырымды қалада», үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Бұлардың бәрі бір- бірімен тығыз байланысты, бір заманның жемісі және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтасады. Мен пікірімді жүрекжарды жырмен былай түйіндегім келеді.
Мәңгілік Отаным бар бақыттымын,
Бабалар арман еткен шаттық күнін
Өткенін бағаласын жас ұрпағым
Қуанышпен қарсы алсын әрбір таңын
Мақтан тұтар «Мәңгілік еліміз» бар
Әлем білген кең байтақ жеріміз бар.
Батырларым білегімен қорғап өткен,
Тұлпарлардың тұяғының іздері бар
Талай тұлға тарихтың толқынында
Бәрінің теңдік еді арманыда.
Ата – баба рухымен бізге жеткен,
Бостандықтың баға жетпес құны осында!
Туған елдің көк туы Тәуелсіздік,
Желбірейді, әрқашан тұрып биік.
Тәуелсіз елде туған өрендерім,
Өр намысты, білімді, рухы биік
«Мәңгілік ел» мұратым, мақсатымда,
Болашағы айқын болар сара жолда.
Тәуелсіздік қасиетті тұмарымдай,
«Мәңгілік Қазақ елі» тұрағымда.
Жас ұрпақтың саналы, әрі тәрбиелі болып өсуінде патриоттық тәрбиенің алар орны ерекше. Ұлт жоспары – «100 нақты қадамда» мектеп қабырғасындағы білім беруде «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу көзделген.

Пайдаланылған әдебиеттер:
• ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
• Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2014
• 12 жылдық білім. Журнал. 2006 ж. №8.
• Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
• Қазақ тілі әдістемесі. №9-10, №11-12. 2010 жыл. Алматы қ.
• Қазақстан Республикасының 2015 Жылға Дейінгі Білім Беруді Дамыту Тұжырымдамасы

Категория: Әкімшілік

Автор: admin от 15-06-2017, 22:13, посмотрело: 293

Категория: ---

Автор: admin от 15-06-2017, 22:08, посмотрело: 1002

1 Тамақтану сапасын бақылау мониторингі комиссиясының жүргізілген жұмыстарының жылдық есебі

2016-2017 оқу жылы
Абай атындағы орта мектепте жергілікті бюджет есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылған 48 оқушы бар.
Сыныбы Саны Қызы
1
2
3
4 6
5
2
4 5
1
2
1 1-4 – сынып
17 оқушы
9 қыз
5
6
7
8
9 5
5
6
4
7 3
3
4
3
4 5-9 – сынып
27 оқушы
17 қыз
10
11 1
3 0
3 4 оқушы
3 қыз
Барлығы 48 29

Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар денсаулығына байланысты және де басқа да себептермен сабаққа келмей қалған жағдайда орнына тамақтанатын резервтік тізімде 7 оқушы бар.
Мектепте оқушыларды тегін тамақтандырудың сапасын бақылау және мониторинг жасау жөнінде сараптама комиссиясы құрылған. Сараптама комиссиясы әр айдың басында балаларға келген азық түлікті тізбектеп жазып, акт жасап қабылдап алды. Аптасына бір рет зерделеу жұмыстарын жүргізді, мектепте оқушыларға берілетін тегін тамақтың азық-түлігінің сапалы болуын, сақталу мерзімін, күнделікті ас мәзіріне сәйкес болуын қадағалады. Сонымен қатар асхана тазалығын, тоңазытқыштардың дұрыс жұмыс істеуін, аспазшылардың гигиеналық талаптарды қатаң сақтауын бақылады. Барлық сараптама нәтижелері бойынша айына екі рет мониторинг жасау жөнінде сараптама комиссиясы отырысы болды.
Ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес төмендегі жұмыстар жүргізілді:
Қыркүйек айында мектеп медбикесі Н.Көшербаева мен әлеуметтік педагог К.Абитинова бірлесіп, «Тамақтану гигиенасы» тақырыбында дайындалған таныстырылымды көрсете отырып, кеңес беру жұмыстарын жүргізді. Оқушылармен қарапайым тамақтану ережелерінен бастап, нақты тамақтанудың гигиеналық талаптарын жан-жақты сөз етті. Таныстырылым соңында оқушылар барлығы бірлесіп, ортақ тамақтану гигиенасын құрды.
Әр тоқсан сайын тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардан мектеп психологы Ә.Талдыбаева сауалнама алды.

І тоқсанда алынған сауалнама қортындысы:
Қатысқандар:1-11сынып
Барлығы: 52 оқушы
Қатыспағаны:

Тақырыбы: Ыстық тамақты ұйымдастыру.
Мақсаты: Әр оқушының мектептегі ыстық тамақтың берілуін сауалнама жүргізу арқылы жеке тұлғағаның ой-пікірін білу.
Сауалнама 7 сұрақтан тұрады.

Сауалнаманың нәтижесі:
1.Ыстық тамақты ұдайы ішесіз бе? Ішпесеңіз неліктен?
Иә – 100 %
Жоқ
2.Буфет немесе асхана тамағы ұнай ма?
Иә- 100%
Жоқ
3.Үзілісте тамақтанып үлгересіз бе?
Иә - 82%
Жоқ – 18%
4.Асханаға көңіліңіз толады ма?
Иә -100%
Жоқ
5.Асхана тәртібі ұнайды ма?
Иә- 100%
Жоқ
6.Залды безендіру, үстелдердің, жиһаздардың орналасуы көңілге қона ма?
Иә -100%
Жоқ
7.Тамақ саласын жақсарту үшін асхана қызметкерлеріне нендей талап-тілек білдірер едіңіз?
Жоқ -100%
Оқушылар арасында мектептегі ыстық тамақпен қамтылуы бойынша сауалнаманың қорытындысы жоғары деңгейде. Оқушылар өздерінің талап-тілектерін білдірді.
Қорытынды: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жоғары деңгейде.
Қазан айында әлеуметтік педагог К.Абитинованың «Тамақтың маңызы және оның құрамы» тақырыбында дайындалған таныстырылымында, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып жасалынған әр түрлі танымдық тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар ерекше қызығушылықпен, өздерінің білімдерін пайдаланып орындады. Олардың ойларын, пікірлерін саралай келе, кеңестер берілді.
Қараша айында мектеп медбикесі «Иммунитет туралы не білеміз?» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістен алған мағұлматтарын терең ұғындыру мақсатында биология пәні мұғалімі К.Абитинова аталған тақырыпта бейне ролик көрсетіп, арнайы таныстырылымда бірнеше тапсырмалар топтамасын дайындап, балалар өз беттерінше жұмыс жасады. Іс-шара соңында оқушыларға дұрыс тамақтанудың иммунитетке әсері жайында сұрақтар қойылып, білімдері пысықталды.
ІІ тоқсанда алынған сауалнама қортындысы:
Қатысқандар:1-11сынып
Барлығы: 52 оқушы
Қатыспағаны:
Тақырыбы: Ыстық тамақты ұйымдастыру.
Мақсаты: Әр оқушының мектептегі ыстық тамақтың берілуін сауалнама жүргізу арқылы жеке тұлғағаның ой-пікірін білу.
Сауалнама 6 сұрақтан тұрады.
Сауалнаманың нәтижесі:
1. Мектепте берілетін тамақ
а) дәмді -100%
ә) дәмсіз
2. Мектептегі тамақ
а) тойымды- 100%
ә) тойымсыз
3. Мектептегі тамақ
а) күніге бір тамақ қайталанады
ә) күніге әр түрлі тамақ беріледі -100%
4. Мектепте жеміс - жидек
а) беріледі -100%
ә) берілмейді
5. Мектептегі ішкен тамаққа
а) ақша төлеймін
ә) тегін беріледі -100%
6. Мектепте БИО-С, айран
а) беріледі - 100%
ә) берілмейді

Қорытынды: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жоғары деңгейде.
Желтоқсан айында оқушылар әлеуметтік педагог К.Абитинованың ұйымдастыруымен тіс күтімінің дұрыс тамақтанудағы маңызын ұғындыру мақсатында бірнеше бейнекөрністер тамашалады. Бастауыш сынып оқушыларымен сынып жетекшілердің дайындаған «Тіс күтімі және дұрыс тамақтану» тақырыбындағы рөлдік ойындары ойнатылды.
Қаңтар айында биология пәні мұғалімі К.Абитинова «Дұрыс тамақтанбаудың әсерінен болатын аурулар» тақырыбында әңгіме жүргізе отырып, слайд сабақ өткізілді. Мектеп медбикесі Н.Көшербаева дұрыс тамақтанбаумен байланысты ауруға шалдығу себептері мен алдын алу жолдары жайында мәліметтер келтіріп, балалардың сауалдарын жауап берді.
Ақпан айында әлеуметтік педагог К.Абитинованың ұйымдастыруымен «Фаст-фут тағамдардың адам ағзасына әсері» тақырыбында пікірсайыс өткізді. Балалар екі топқа бөлініп, тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар балалар бейнекөрніс тамашалап, фаст-фут тағамдардың адам ағзасына зияндылығының өлшеусіз екендігін айтып, сайыстың соңғы нүктесін қойды.
Наурыз айында әлеуметтік педагог К.Абитинованың ұйымдастыруымен «Өсімдіктекті тағамдардың маңызы» тақырыбында танымдық сайыс өткізді. Оқушылар жемістер мен көкөністер жайында қызықты мәліметтерді ортаға салды.
ІІІ тоқсанда алынған сауалнама қортындысы:
Қатысқандар:1-11сынып
Барлығы: 48 оқушы
Қатыспағаны:
Тақырыбы: Ыстық тамақты ұйымдастыру.
Мақсаты: Әр оқушының мектептегі ыстық тамақтың берілуін сауалнама жүргізу арқылы жеке тұлғаның ой-пікірін білу.
Сауалнама 7 сұрақтан тұрады.
Сауалнаманың нәтижесі:
1.Ыстық тамақты ұдайы ішесіз бе? Ішпесеңіз неліктен?
Иә – 100 %
Жоқ
2.Буфет немесе асхана тамағы ұнай ма?
Иә- 100%
Жоқ
3.Үзілісте тамақтанып үлгересіз бе?
Иә - 82%
Жоқ – 18%
4.Асханаға көңіліңіз толады ма?
Иә -100%
Жоқ
5.Асхана тәртібі ұнайды ма?
Иә- 100%
Жоқ
6.Залды безендіру, үстелдердің, жиһаздардың орналасуы көңілге қона ма?
Иә -100%
Жоқ
7.Тамақ саласын жақсарту үшін асхана қызметкерлеріне нендей талап-тілек білдірер едіңіз?
Жоқ -100%

Оқушылар арасында мектептегі ыстық тамақпен қамтылуы бойынша сауалнаманың қорытындысы жоғары деңгейде. Оқушылар өздерінің талап-тілектерін білдірді.

Қорытынды: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жоғары деңгейде.
Сәуір айында оқушылар әлеуметтік педагог К.Абитинованың ұйымдастыруымен «Аспаз апайға» тақырыбында ашық хаттар дайындады. Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Ашық хатқа олар жыл бойы өздеріне тамақ дайындаған аспазшыларға алғыстарын, ұсыныс тілектерін жазды. Олардың ойларын, пікірлерін саралай келе, кеңестер берілді.
ІҮ тоқсанда алынған сауалнама қортындысы:
Қатысқандар:1-11сынып
Барлығы: 48 оқушы
Қатыспағаны:
Тақырыбы: Ыстық тамақты ұйымдастыру.
Мақсаты: Әр оқушының мектептегі ыстық тамақтың берілуін сауалнама жүргізу арқылы жеке тұлғағаның ой-пікірін білу.
Сауалнама 6 сұрақтан тұрады.
Сауалнаманың нәтижесі:
1. Мектепте берілетін тамақ
а) дәмді -100%
ә) дәмсіз
2. Мектептегі тамақ
а) тойымды- 100%
ә) тойымсыз
3. Мектептегі тамақ
а) күніге бір тамақ қайталанады
ә) күніге әр түрлі тамақ беріледі -100%
4. Мектепте жеміс - жидек
а) беріледі -100%
ә) берілмейді
5. Мектептегі ішкен тамаққа
а) ақша төлеймін
ә) тегін беріледі -100%
6. Мектепте БИО-С, айран
а) беріледі - 100%
ә) берілмейді

Қорытынды: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жоғары деңгейде.

Мамыр айында әлеуметтік педагог К.Абитинованың ұйымдастырумен «Денсаулық –басты байлық» тақырыбында танымдық сайыс ұйымдастырылды. Танымдық сайыста оқушылар «Менің қиялымдағы-асхана», «Тамақтана білгенің, өмір сүре білгенің», «Ұлттық тағамдардың маңызы» тақырыптарында шығарма жазды, суреттер салды, таныстырылымдар дайындады. Cапалы таныстырылымдарды Үздік слайттар сайысына қатыстыру мақсатында «Биология анықтамалығы» журналына жіберілді.
№ Ауру түрлері Оқу жылы
2014-2015 2015-2016 2016-2017
1 Cеміздік ауруы 0% 0% 0%
2 Асқазан ішек аурулары 0% 0% 0%
3 Эндокриндік аурулар 0% 0% 0%

Әр айдың соңғы аптасында ашық есік күндері өткізілді. Ата-аналар сол күндері келіп, балалардың тамақтарының ұйымдастырылуын көрді. Арнайы жасалынған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Дұрыс тамақтанбаудың әсерінен болатын аурулар», «Өсімдіктекті тағамдардың маңызы», «Тамақтың маңызы және оның құрамы», «Фаст-фут тағамдардың адам ағзасына әсері», «Тіс күтімі және дұрыс тамақтану» тақырыптарында дәрістер, тренингтер өткізілді. Сонымен қатар мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтан өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды. Ата-аналар тарапынан болған түрлі пікірлерден, тамақтандырудың ұйымдастырылуына көңілдері толатыны анықталды.
Бала денсаулығының дұрыс қалыптасуында тамақтанудың мәні зор. Тамақтану-маңызды физиологиялық үрдіс. Ол нақты ережелерге, гигиеналық талаптарға сүйене отырып іске асады. Ал оны жас ұрпақ санасына, өмір салтына сіңіру ата-аналар мен біздің басты міндетіміз.

Әлеуметтік педагог: К.Ж. Абитинова

Категория: Тамақтандыру, Әкімшілік

Автор: admin от 15-06-2017, 21:59, посмотрело: 166

1 Білім алушылардың нәтижесін бақылау үшін педагогтардың таңдауымен іске асырылатын әр түрлі әдістер мен құралдар.

Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу - білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны баршамызға аян.
Мұғалім – мектептегі басты тұлға . Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең , әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы , әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі- ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады. Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл – ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. «Дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз. Оқыту барысында баланың ақыл – ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды. Әдіс дегеніміз- білім берудің теориясы. Тәсіл дегеніміз – іс, меншікті іс Тәсілдердің элементтері – амал жолдары:
1) таныстыру, берілген білімді тексеру, бекіту , жүйелеу, тиянақтау.
2) деңгейлік тапсырмалар – қиын мәселерді шешкізу.
3) мониторинг- тексеру.
4) деңгейлік тапсырмалар – дифференсация.
5) таным жолы – оқушыларды әрекетке кіргізу. Мұғалім және оқушылар, оқушылар және оқушылар.
Оқыту әдісі дегеніміз- мұғалімнің білімді меңгерту жолындағы тәсілі. Әдіс оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты.
Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс- тәсілдерді тандап алуы қарастырылады.
Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті- оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту зандылықтарын, принциптерін, әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат- мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.
Оқу жоспарын жасағанда, оның бағдарламасын мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеп, таңдауға оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ, әрбір сабақтың мазмұнына қарай амал – құралдарды қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Атап айтқанда, оқушы материалын терең түсініп , саналы меңгеруі үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысып дұрыс аңықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет. Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет. Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой – өрісінің күрделі үрдісі». Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.Тәсіл – оқыту әдісінің элементі.
Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады.
Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
В. А. Сухомлинский: "Сөз — ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың..."- деп оның маңызына ерекше назар аударады.
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафилъм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп пайданылады.
Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.).
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгер-геніне байланысты болып келеді. Соның негізінде оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.
Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалімдер көрнекі құралдардың тиімді көлемін де анықтауы қажет.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек » деген екен. Жақсы мұғалім болу да үлкен жауапкершілік пен ізденісті талап етеді.

Категория: Әкімшілік

,