» Материалы за 12.12.2016

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Автор: admin от 12-12-2016, 23:37, посмотрело: 430

1 Абай атындағы шағын орталықты орта мектепте Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс шаралар жоспары бойынша қараша айында түрлі форматта әртүрлі шаралар өтті.Атап айтсақ 11- сынып жетекшісі Кулажанова Ж.5-11 сыныптарға Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы фильм көрсетті. АӘД пәні мұғалімі Ахметов Б. 11 сыныптарға "Қорғаныс тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды нышандарының бірі" атты ашық сабақ өткізді. Қазақ тілі пәні мұғалімі Мадраимова А. "Мемлекеттік тіліміз" туралы баяндама оқыды. Кітапханашы "Ұлттық валюта" атты ақпараттық сабақ ,көрме өткізді. ДТІЖО Байгисиева Г.9-сыныптарға "Ядролық қарусыз әлем" саяси сабағын өткізді. Әлеметтік педагог Абитинова К. "Ғылым және жаңа технологиялар" тақырыбында мұғалімдерге коучинг өткізді. 1- желтоқсанда мультимедия кабинетінде Назарбаевтың балық шағынан бастап қазіргі кезге дейінгі өмірі, Назарбаев университеті жайлы мағлұмат көрсетілді. Мектебіміздің психологы оқушылар мен ата -аналар бірігіп "Отбасылық құндылықтар", "мерейлі отбасы" тақырыбына тренинг, фото шежіре өткізді. Мектебіміздің спорт саласы да мерекеге өз үлесін қосты Дене шынықтыру пәні мұғалімдері 3-5 желтоқсан аралығында әр сыныптың оқушылар арасында эстафета жарысын өткізді. Мұғалімдер арасынан да волейбол командасын ұйымдастырып жарыс өткізді.

Категория: ---

 
 
,